ПОДЕЛИТЬСЯ
30 наурыз 2020 | 16:13
Алматыда коронавирус жұқтырғандардың көбі қай жаста?
Алматыда коронавирус жұқтырғандардың көбі – 30-39 жас аралығында. Бұл туралы Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Айзат Молдағасымова "Хабар24" телеарнасындағы онлайн-брифингте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қай елдерден келгендерін айтсақ. Шетелде жұқтырып келгендердің 40 пайызы Мәскеуден келгендер. 23 пайызы - Берлин – Алматы, 20 пайызы - Санкт-Петербург – Алматы, 17 пайызы - Минск – Алматы рейсімен келген", - деді басқарма басшысы.
Иммунитеті жақсы адамдардың ағзасы коронавирусты өз бетінше жеңуі мүмкін - зерттеу
Сонымен қатар, Молдағасымова науқастардың жас мөлшерін атап өтті.
"Жас мөлшеріне тоқталсақ. Ауруды жұқтырғандардың басым бөлігі 30-39 жаста. Екінші орында 20-29 жасқа дейінгілер, үшінші орында 50-59 жастағы азаматтар", - деді ол.
Оның айтуынша, науқастардың көбі – әйелдер - 52, 5 пайыз, ал ерлер - 37, 5 пайыз.
Айта кетейік, Алматыдағы коронавирус індетін жұқтырған науқастардың 3 пайызы елде жүріп жұқтырған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также