06 қараша 2021 | 12:36

Алматыда коронавирусқа қарсы вакцина алған миллионыншы тұрғын тіркелді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Reuters

Медициналық ақпараттық жүйелер мәліметінше, Самал Оқапова Алматыда коронавирусқа қарсы екпе алған миллионыншы тұрғын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Медициналық ақпараттық жүйелер мәліметінше, Самал Оқапова Алматыда коронавирусқа қарсы екпе алған миллионыншы тұрғын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter-парақшасында жазды.

"Денсаулығындағы кінәратқа қарамастан, ол өзін әрі жақындарын қорғау үшін вакцина алды. Бұл әрекеті көпшілікке үлгі болары анық", - деп жазды қала әкімі.

Реклама
Реклама

Бұған дейін денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Қазақстанға Pfizer вакцинасы 8-14 қараша аралығында жеткізілетінін айтқан еді. Вакцина 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге, сондай-ақ жүкті және бала емізетін әйелдерге қолжетімді болады.

Жасөспірімдерге келетін болсақ, коронавирусқа қарсы екпе 16-18 жастағыларға бірінші салынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная