04 сәуір 2021 | 16:25

Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинация бірнеше күнге шектеледі

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинация бірнеше күнге шектеледі. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинация бірнеше күнге шектеледі. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1 және 2 сәуірде біз 34 900 вакцина алдық. Екі күн ішінде Алматы қаласының 17 мыңнан аса тұрғынына вакцина салынды. Ауруханалардан басқа, Asia Park сауда ойын-сауық орталығы мен Республика сарайында вакцинация жүргізілді. Бүгін кем дегенде 10 000 адамға вакцина салынады деп ойлаймын.

3-4 күнде вакцинаның жаңа партиясы келеді. Жаңа партия алынғанға дейін вакцинацияны шектеу қажет болады. Қалғанын тек Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған адамдар контингентіне салуға тырысамыз. Ертең екпе жасалады, бірақ соңғы екі күндегідей емес, шектеулі мөлшерде", - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы.

Нариман Табынбаев алаңдамауға шақырды, сәуірде вакцина саны жеткілікті болатынын атап өтті. Ол жаппай вакцинацияның уақыты Алматыға вакцинаның қашан және қанша мөлшерде келетініне байланысты болатынын мәлімдеді.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная