07 сәуір 2020 | 16:41

Алматыда көшеде себепсіз жүргендерге айыппұл салына бастады

© Tengrinews.kz

Көшеде себепсіз жүрген алматылықтарға айыппұл салына бастады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Көшеде себепсіз жүрген алматылықтарға айыппұл салына бастады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Себепсіз сыртта жүрген 105 адам жауапкершілікке тартылды. Оның 55-іне айыппұл салынды.    

Реклама
Реклама

"Алдыңғы тәулікте ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасының 476 бабының, 6-бөлігі бойынша, төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін, жалпы әкімшілік жауапкершілікке 59 адам, оның ішінде 26 адам қамауға алынып, 32-сіне айыппұл салынды. Тағы 1 адамға ескерту жасалды. Шектеу шаралары қабылданғалы бері барлығы 105 адам, оның ішінде 46 адам қамауға алынып, 55-іне айыппұл салынды", - делінген хабарламада. 

Кеше Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында 65 әкімшілік іс қаралды. Оның ішінде әкімшілік қамауға алу - 31, 33 адамға айыппұл және 1 адамға ескерту жасалды. 

"Қалаға кіру тәртібін бұзғаны үшін карантин басталғаннан бері блокпосты айналып өтпек болған (ҚР ӘҚБК 476 бабының 1 тармағы) 204 адам жауапкершілікке тартылды, оның 108-і қамауға алынды. Қалғанына айыппұл салынды. 203 адам қамауға алынып, 194 адамға айыппұл салынды. Тағы 14 адамға ескерту жасалды", - дейді полиция өкілдері.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная