ПОДЕЛИТЬСЯ
07 маусым 2024 | 11:42
Алматыда көшелердің бірі 15 қыркүйекке дейін жабылады
Алматыда Жүргенов көшесіндегі учаскеде көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу желілері" ЖШС мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда Жүргенов көшесіндегі учаскеде көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу желілері" ЖШС мәліметіне сілтеме жасап.
2024 жылғы 8 маусым мен 15 қыркүйек аралығында Алматыдағы Медеу ауданында Жүргенов көшесі бойынша Жетісу көшесі арқылы Тянь-Шань көшесіне дейін Жангелдин көшесінен автокөлік қозғалысы жабылады.
Қозғалыс екі жаққа да жабылады.
1988 жылдан бастап пайдалануға берілген, осы көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін ұзындығы 695 метр құбырды реконструкциялау учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.
Бұл құбыр 18 көппәтерлі тұрғын үйді, 61 жеке үйді, 1 балабақшаны, 1 мектепті және 13 өзге де нысандарды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Тұтынушлар реконструкция кезінде ыстық сумен жабдықталады.
"Уақытша қолайсыздықтарға түсінікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз", - делінген "Алматы жылу желілері" ЖШС хабарламасында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также