Алматыда қосымша 360 "Сергек" камерасы орнатылады

Алматыда 360-тан аса қосымша "Сергек" камерасы орнатылады. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда 360-тан аса қосымша "Сергек" камерасы орнатылады. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде қаладағы жағдайды бақылау, қоғамдық тәртіпті, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында "Жол қауіпсіздігі" және "Сергек" сынды ақпараттық жүйелер пайдаланылып жатыр. Олардың санын тағы 362-ге арттыруды жоспарлап отырмыз. Олар қаладағы жол апаты жиі болатын, жол жүру ережесі жиі бұзылатын орындарда орнатылады. Әкімшілік полиция басқармасы арнайы сараптама жүргізді", - дейді Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ, Алматы қаласының полиция департаментіндегілер 6 айда бейне-бақылау камеларының көмегімен 3 392 қылмыс ашылғанын атап өтті.

Реклама
Реклама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама