02 қараша 2016 | 18:13

Алматыда ҚР Қарулы күштерінің қатарына әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салды

Алмалы ауданы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қатарына әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алмалы ауданы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қатарына әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Алмалы ауданы әкімі аппараты мен Алмалы ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 2016 жылдың күзгі мерзіміне жедел әскер қатарына шақырылған сарбаздар құрметіне мерекелік концерт қойылып, әскери борышын өтеу алдында сый көрсетілді.

Реклама
Реклама

Осы шара сарбаздардың патриоттық, отансүйгіштік сезімдерін арттыру, мақсатында ұйымдастырылды.

Сапар алдында жас ұландарға халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары өнер көрсетті. Ұйымдастырушылар, сарбаздардың ата - аналары қасиетті борышын өтеушілерге тілек білдіріп, батаға бөледі. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар атынан, әскерге аттанушыларға сый-сияпаттар табысталды.

Ағымдағы жылы Алмалы ауданы күзгі әскерге шақыру шараларын нақты орындап, жүйелі қызмет атқаруда. Жұмыс сапасын көтеру, әскерге шақырушыларды медициналық комиссия өтуге толық қамту мақсатында Алмалы аудандық еңбекпен қамту басқармасынан адамдар жұмысқа тартылды. Медициналық комиссиясының отырысында әр әскерге шақырушы моральдік және психологиялық тұрғыда бақылаудан өтіп, өзімен және ата-анасымен алдын ала сұхбат жүргізілуде.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная