Алматыда крематорий құрылысы қашан аяқталады?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Алматыда крематорий құрылысы қашан аяқталады? Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Крематорий құрылысы 2021 жылдың соңында аяқталады. Бұл туралы брифинг кезінде Алматы қаласының қолайлы қала ортасы басқармасының басшысы Сапар Нұрашев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Крематорий құрылысы 2021 жылдың соңында аяқталады. Бұл туралы брифинг кезінде Алматы қаласының қолайлы қала ортасы басқармасының басшысы Сапар Нұрашев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2021 жылдың сәуір айында Нұрашев пандемия кезінде аса қауіпті медициналық қалдықтардың көп мөлшері пайда болғанын айтқан: бетперделер, обаға қарсы костюмдер, ПТР сынақтарын тапсыруға арналған құралдар. Сондықтан жоғарыда аталған заттар мен марқұмдардың денелерін өртеуге пайдаланатын нысан салу туралы шешім қабылдаған. Ол 2021 жылдың қыркүйегінде пайдалануға берілуі керек еді. Бірақ қолданысқа өткізу мерзімі біраз шегерілген.

Нұрашевтің айтуынша, қазір нысанда чехиялық компания шығарған жабдықты іске қосу және орнату жұмыстары жүріп жатыр. 

Жарнама
Жарнама

"2020 жылы 2-ЖЭО-ның оңтүстігінде патологиялық анатомиялық бюроны пайдалануға береміз. Бұл нысанның функционалдық мақсаты биологиялық және медициналық қалдықтарды кәдеге жарататын филиал болады. Нысан осы жылдың соңына дейін аяқталады", – деп Нұрашев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте уәде берген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама