12 ақпан 2022 | 19:47

Алматыда құбылмалы ауа райы болатыны ескертілді

Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов.

Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы алматылықтарға ауа райы құбылмалы болатынын, сондықтан сақ болуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы алматылықтарға ауа райы құбылмалы болатынын, сондықтан сақ болуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті алматылықтар! Ақпан айының соңына дейін Алматы қаласында ауа райының құбылмалылығы, жоғарғы температурадан төменгі температураға күрт өзгеруі, қар аралас жаңбыр түрінде нормадан жоғары жауын-шашынның түсуі, сондай-ақ жоғары ылғалдылық, аяз, тұман және көктайғақ күтіледі", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты Алматы ТЖД-нің 112 СМС хабарламаларына мұқият қарау, автокөлік жүргізу кезінде сақтық шараларын сақтау, жылдамдықты азайту, қашықтықты сақтау, кенеттен маневрлер мен тежелулерден аулақ болу сұралады. Жолдың жүру бөлігінде және тротуарларда көктайғақ пайда болғанда жаяу жүргіншілер сақ болуы керек, әсіресе баспалдақтардан төмен түсу және көтерілу кезінде, дейді басқармадағылар.

Реклама
Реклама

"Қымбатты Алматылықтар - сәл шыдамдылық танытайық, жақын арада біздің сүйікті қаламызда көптен күткен ұзақ және жылы кезең болатынын ұмытпаңыздар! Жақындарыңызбен және өз денсаулықтарыңызға абай болыңыздар!", - дейді әкімдік өкілдері.

Кеше Алматы ТЖД тұрғындарға 12, 13 ақпанда ауа райы нашарлайтынын ескерткен еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram