ПОДЕЛИТЬСЯ
18 маусым 2024 | 12:43
Алматыда құбырдан су ағып, салдарынан көшелерді су басты
Алматыдағы шағынаудандардың бірінде су құбырындағы апаттан көшелерді су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыдағы шағынаудандардың бірінде су құбырындағы апаттан көшелерді су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқырмандардың айтуынша, Құлжа тасжолында құбырдан су ағуы салдарынан Нұршашқан ықшамауданындағы "Атмосфера" тұрғын үй кешені бойындағы көшелерде су ағып жатыр. Хабарлама бойынша, түннен бері су келіп, тұрғындар тіпті үй мен жолдың айналасына құм толған қап төсеуге мәжбүр болған.
"Алматы Су" коммуналдық кәсіпорнында судың жер бетіне шығуы туралы хабарлама оларға 18 маусымда таңғы 8-де келіп түскені туралы хабарлады. Сағат 10:30-ға дейін "Алматы Су" мамандары 1978 жылы салынған су құбырында су ағып жатқан орынды белгілеп, оны жоюды бастаған.
"Зақымдалған учаскеден су жақын маңдағы шұңқырға жіберілді, су бұрылды, тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарды су басу қаупі жоқ. Қалпына келтіру кезеңінде тұтынушыларды қайта суға қосу бойынша шаралар уақытша қабылданады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также