ПОДЕЛИТЬСЯ
12 наурыз 2020 | 15:24
Алматыда Құлжа тасжолындағы жаңа жолайрық қандай болады?
Алматыдағы Құлжа тасжолындағы жаңа жолайрық үш деңгейлі болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыдағы Құлжа тасжолындағы жаңа жолайрық үш деңгейлі болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрлік мәліметінше, Бұқтырма көшесімен қиылысатын Құлжа тасжолында көліктерге арналған жолайрықтың құрылысы жалғасып жатыр.
"Жоба бойынша жұмыс өткен жылы шілдеде басталды. Осы уақыт аралығында жолшылар құмды-қиыршық тасты қоспалардан ұзындығы 550 метр болатын жол негізі мен жабындысын төсеп, арық науаларын ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Құрылыс алаңының аумағын уақытша қоршады.
Жоба Бұқтырма көшесінің бойында ұзындығы 570 метр болатын үңгіртауы, Құлжа тасжолында ұзындығы 783 метр болатын эстакадасы және осы көшелер қиылысында айналма қозғалысты ұйымдастыруға арналған рампа бөлігі бар үш деңгейлі жолайрық құрылысын қарастырады", - делінген хабарламада.
Жобаның бас мердігері – Bazis Construction ЖШС. Құны – 20,2 млрд теңге. Жолайрық Алматының солтүстік-шығыс бөлігіне түсірілетін жүктемені азайтады.Келісімшартқа сәйкес жұмыстар 2022 жылғы ақпанда аяқталады деп жоспарланған.
Еске салайық, Құлжа тасжолы мен Рысқұлов көшесі қиылысындағы жолайрық 2019 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также