Алматыда Құлжа тасжолының бір бөлігі екі күнге жабылады

Фото: depositphotos.com

Алматыда Құлжа тасжолының бір бөлігі біраз уақытқа жөндеуге жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда Құлжа тасжолының бір бөлігі біраз уақытқа жөндеуге жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құлжа тас жолының бір бөлігіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

23 тамыз сағат 23.00-ден 25 тамыз сағат 07.00-ге дейін Рысқұлов-Құлжа тас жолының жолайырығынан Халиуллин-Құлжа тас жолының жолайырығына дейінгі аумақта қозғалыс жабылады.

Реклама
Реклама

Солтүстік бағытта ШААЖ және Халиуллин көшелерімен тек Талғар тас жолы арқылы жүруге болады. Құлжа күре жолымен көлік қозғалысы тек Рысқұлов даңғылының солтүстік бағытында ғана ашылады.

Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама