29 наурыз 2022 | 16:53

Алматыда күн бұзылуына байланысты ескерту жарияланды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Алматы ТЖД күн бұзылуына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы ТЖД күн бұзылуына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, Алматыда 29 наурызда күндіз, 30 наурызда түнде, сондай-ақ, тауда жаңбыр жауып, жел екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. 30 наурызға қараған түні тауда тұман түседі.

ТЖД қатты жел кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы айтты:

Реклама
Реклама
  • ауладағы және балкондардағы шаруашылық заттарды алып тастаңыз, тұрғын үйге зиян келтіруі мүмкін ағаштарды кесіңіз;
  • көлікті гаражға қойыңыз, гараж болмаса, көлікті ағаштардан алыс жерге қою керек;
  • шатыры құлайын деп тұрған ғимараттар мен үйлерді айналып өтіңіз;
  • ағаштар мен түрлі қауіпті құрылымдардан аулақ болыңыз (көпірлер, эстакадалар, құбырлар, электр желілері, қауіпті өнеркәсіп нысандары).

Қатты жауын-шашын кезінде:

  • көшеде жүрген кезде абай болыңыз, электр желілерінің және көше құрылымдарының (билбордтар, баннерлер, белгілер және т.б.) құлап кетпеуіне назар аударыңыз.;
  • ауладағы әлсіз құрылымдарды бекітіңіз, оның бұзылуы адамдарға зиян келтіруі мүмкін;
  • жекеменшік үй иелері жаңбыр суына кәріз және басқа да дренаж жүйелерін дайындауы керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram