05 қараша 2018 | 18:14

Алматыда күн сайын 30 мың жуық адам заңсыз тасымалдаушылардың қызметін пайдаланады

Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Алматыда көлік реформасы аясында заңсыз қалааралық тасымалдау нарығына қарсы белсенді жұмыс жүруде, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда көлік реформасы аясында заңсыз қалааралық тасымалдау нарығына қарсы белсенді жұмыс жүруде, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазіргі уақытта Алматыға күн сайын 150 автобус келіп, кетеді, бірақ олардың тек 60-ы ғана ресми жұмыс жасайды. Демек, халықаралық және қалаға жақын маңға жүретін көліктің 60 пайыздан астам трафигі жасырын тасымалдаушылардың қолында. Сарапшылардың айтуы бойынша мұндай рейстердегі жолаушылар ағыны 30-40 мың адамды құрайды, ал заңсыз тасымалдаушылардың қызметін күн сайын 20-28 мың адам пайдаланады екен. Еңбек мигрантының барлық тарфигін жасырын тасымалдаушылар қамтуда", - деді Алматы қаласы жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Әділов полиция Департаменті және көлікті бақылау Инспекциясымен бірге жүргізген тексеру жұмыстарының мониторингі бойынша.

Реклама
Реклама

Заңсыз тасымалдаушылар қызметін пайдаланған жолаушылар өз өмірлерін қатерге тігеді. Практика көрсеткендей, жасырын тасымалдаушылар клиенттерінің қауіпсіздігін ерен қылмайды.Салонда еріткіш лампаны, жанғыш материалдарды алып жүру,техникалық бақылаудан өтпеу апатты жағдайларға ғана емес, адам өліміне де әкелуі мүмкін.

"БАҚ-тың ақпараты бойынша жасырын тасымалдаушылардың салдарынан Алматы-Бішкек жолында жол апатынан 20-дан астам адам зардап шекті, өкініштісі мұндай жағдайлардың жиі болатындығы. Жасырын тасымалдаушылар техникалық бақылаудың қолдан жасалған карталарын көрсетеді, рейс алдында медициналық бақылаудан өтпейді. Табыстары жоғары болғанымен, салық төлеуден қашып, жолаушылардың өміріне қауіп төндіреді, ешқандай жағдай жасамайды", - деді жолаушылар тасымалы кәсіпорындары Ассоциациясының президенті Дана Ахатова.

Бұлардан өзге, жасырын бизнес ресми тасымалдаушылар жұмысына және жергілікті бюджетке едәуір нұқсан келтіреді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында экономикадағы көлеңкелі айналымды 3 жыл ішінде кем дегенде 40 пайызға дейін қысқарту керектігін атап өткен еді.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметі бойынша заңсыз тасымалдаушыларға полиция Департаменті тарапынан жүргізілген құқықтық шаралардың арқасында жолаушылар ағыны артып, көлеңкелі бизнеске қарсы белсенді жұмыстар жүруде.

Қазіргі уақытта "Сәлем" автобекеті іске қосылды ол жақын арада Түркістан және ШҚО-на жиі қатынайтын автобустарға көрсетеді. "Сайран", "Саяхат" автовокзалдарынан да жаңа бағыттар ашылады Еске салсақ,Саяхат" өз қуатының небәрі 10-15 пайыз ғана пайдалануда. Пилотты режимде қала маңына қатынайтын әлеуметтік бағыттар ашылатын болады. Билеттерді онлайн сатудың бірыңғай электронды жүйесін енгізу қарастырылуда. Өкілетті органдар мен базар басшыларына жүк тасымалдау үшін логистикалық компанияларды тарту ескертілді.

"Жыл аяғына дейін заңсыз тасымалдаушылар қызметі жойылады, негізгі бағыттар ресми түрде қамтамасыз етіледі және жолаушылар қауіпсіздігі артып,жайлы жағдайлар жасалады", - деді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная