06 шілде 2020 | 16:33

Алматыда күніне 100-ге жуық адам ауруханаға түседі

Алматыда күн сайын 100-ге жуық адам жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Бұл туралы онлайн-брифингте қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда күн сайын 100-ге жуық адам жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Бұл туралы онлайн-брифингте қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Күн сайын инфекциялық стационарларға 100-ге жуық пациент жатқызылады. Бүгінгі таңда ауруханалар 85 пайызға толы", - деді әкім.

Реклама
Реклама

Сағынтаев 1 қыркүйекке дейін қалада төсек-орын санын 6 мыңға дейін арттыру жоспарланып отырғанын айтты.

Сондай-ақ, ол COVID-19 диагнозымен ауруханаға жатқызылғандардың жағдайын баяндады.

"Бүгінде 113 жаңа жағдай тіркелді, 64 адам жансақтау бөлімінде. 24 науқастың жағдайы өте ауыр, 349-ында ауыр. 1264 адамның халі орташа. 135 - қанағаттанарлық", - деді қала әкімі.

Оның айтуынша, қалада коронавируспен күресу үшін 4232 орынға арналған 19 стационар жұмыс істеп тұр. Апта соңына дейін урология ғылыми орталығы базасында тағы 150 адамға арналған стационар ашу жоспарда бар. Сондай-ақ, "Халық арена" базасында стационар ашылады. Оның алғашқы 200 төсек-орны осы аптаның соңында пайдалануға берілмек.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная