28 наурыз 2023 | 13:10

Алматыда құны 6 миллиард теңге болатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Әскери прокурорлар Алматыда құны 6 миллиард теңге болатын жер телімін мемлекетке қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әскери прокурорлар Алматыда құны 6 миллиард теңге болатын жер телімін мемлекетке қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2014 жылы Алматы қаласының Медеу ауданындағы нарықтық құны 6 миллиард теңгеден астам, жалпы ауданы 3,8484 гектар жер учаскесі "Достық строй" құрылыс компаниясы" ЖШС-нің меншігіне өткен.

"Алайда бұл учаске 7 жылдан аса уақыт бойы мақсатына сай пайдаланылмағанын ескере отырып, әскери прокуратура органдары оны мәжбүрлеп алып қою туралы талап арызбен жүгінген.

24.11.2022 жылы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі бойынша, әскери прокуратураның талап-арызы қанағаттандырылып, заңды күшіне енген", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта сот актісін орындау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная