Алматыда күтпеген жерден мамыргүл гүлдеді

Сурет: instagram.com/dina_leinek

Алматылықтар ғажайып табиғат құбылысының куәсі болды: қазанның басында
мамыргүл гүлдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматылықтар ғажайып табиғат құбылысының куәсі болды: қазанның басында
мамыргүл гүлдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала тұрғыны Кекілбайұлы көшесіндегі Mega Towers тұрғын үй кешенінің жанында мамыргүл бұтасын суретке түсірген.

Реклама
Реклама

"Біздің үйге қарама-қарсы жерде мамыргүл гүлдеді. Кеше қыздарыммен және итпен кешкі серуенге шыққанда байқадым. Мұндай құбылысты күзде бірінші рет көріп отырмын, сондықтан назар аударып, таң қалдым. Міне, тосынсый. Табиғат соншалықты тазарған. Бұл қалыпты жағдай ма, әлде бұрын байқамағанмын ба?" - дейді Дина.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dina_Leinek (@dina_leinek) 1 Окт 2020 в 11:14 PDT

Алматы тұрғыны суретті өзінің Instagram-дағы парақшасына жариялады. Желі қолданушылары оның гүлдегеніне таңданысын білдіріп жатыр.

Тағы бір қала тұрғыны жұмыс орнының жанында бірден үш ағаш екінші апта гүлдеп тұрғанын жазды. 

Айта кетейік, Қазақстанда күзде мамыргүл бірінші рет гүлдеп тұрған жоқ. 2010 жылы БАҚ өкілдері Шымкентте осындай табиғи құбылыс болғанын жазған еді. Сол кезде қазанның ортасында алма ағаштары мен мамыргүл гүлдеген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная