12 қаңтар 2022 | 11:21

Алматыда "қызыл" аймаққа өтуіне байланысты карантин күшейтіледі

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері міндетін атқарушы Сәдуақас Байғабылов қалада карантин шаралары күшейтілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері міндетін атқарушы Сәдуақас Байғабылов қалада карантин шаралары күшейтілетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Байғабылов омикрон штамын жұқтыру дерегі артқанын және Алматы "қызыл" аймаққа өткенін айтты. Қаулыға сәйкес, қалада карантин шаралары бес күн ішінде қатаңдатылады, бірақ бұдан ерте де болуы мүмкін.

"Әрине, бұл Алматы қаласындағы кейінгі оқиғаларға байланысты кәсіпкерлер мен тұрғындарға қосымша жүктеме болады. Бірақ коронавирус "ешқайда кеткен жоқ", вакцина алмаған халыққа белсенді түрде әсер етеді", - деді Байғабылов.

Реклама
Реклама

Жоспарлы карантин шараларын енгізетін күн туралы қосымша хабарланатыны айтылды.
 
Бұған дейін Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланғаны хабарланды. Матрицаға сәйкес "қызыл" аймаққа Алматы қаласы және Атырау облысы өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная