Алматыда "қызыл" мәртебесі бар ережебұзушылар тізімі жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті "қызыл" мәртебесі бар айыппұл салынған тұрғындардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті "қызыл" мәртебесі бар айыппұл салынған тұрғындардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

COVID-19-ға тапсырған ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен алматылықтар қоғамдық орындарға барып, Аshyq бойынша жұмыс істейтін нысандарда - ХҚКО, мейрамхана, фитнес-орталықтар, әуежай және т.б. нысан қызметтерін пайдалануға тырысқан.

Оқшаулау режимін бұзған тұрғындар банк, университет, сауда, мейрамхана, білім беру ұйымдары, байланыс, зейнетақы қоры және басқа да нысандар қызметкерлері екені белгілі болды.

Реклама
Реклама

"Қала тұрғындарын өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында жауапкершілік танытуға шақырамыз. Вирус жұқтырған адамдармен байланыста болған тұлғалар өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдарға жұқтырмас үшін адамдар көп жиналатын орындарға бармауы керек", - делінген хабарламада.

Тізімде аудан бойынша тәртіп бұзған тұрғындардың аты-жөні бар. Тізімге сәйкес, тәртіп бұзушылардың көбі Бостандық, Наурызбай және Алатау аудандарында анықталған. Тізімді департамент сайтынан  көре аласыз.

Айта кетейік, бұған дейін Ashyq-та "қызыл" мәртебесі бар карантинді бұзушылардың есімдері БАҚ-та жарияланатыны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама