Алматыда "қызыл" мәртебесі бар тұрғынға кинотеатрға барғаны үшін айыппұл салынды

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматыда "қызыл" мәртебесі бар тұрғынға кинотеатрға барғаны үшін айыппұл салынды Фото: gov.kz

Алматыда "қызыл" мәртебесі бар тұрғынға кинотеатрға барғаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда "қызыл" мәртебесі бар тұрғынға кинотеатрға барғаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен Алматы қаласының тұрғыны 14 күндік карантин режимін бұзып, кинотеатрлардың біріне барған.

Бірақ QR-кодты сканерлеген кезде қыздың Ashyq қосымшасы "қызыл" мәртебе көрсеткен.

Реклама
Реклама

"Тұрғынға қатысты оқшаулау режимін бұзғаны үшін Түрксіб ауданы бойынша санитария дәрігерлері ҚР ӘҚБтК-ның 425-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады. Баптың санкциясы 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.

ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен алматылықтарды 14 күндік карантин режимін сақтауға шақырамыз. Бұл тұрғындар арасында коронавирус инфекциясының тарауын азайтуға және "жасыл" аймақта тұрақты түрде қалуға мүмкіндік береді", - деді Сәдуақас Байғұбылов портал тілшісіне.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама