06 тамыз 2021 | 16:26

Алматыда "қызыл" статусы бар ережебұзушылар тізімі жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: gov.kz

Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті кейінгі аптада "қызыл" статусы бола тұра карантинді бұзғандардың жаңа тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті кейінгі аптада "қызыл" статусы бола тұра карантинді бұзғандардың жаңа тізімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл жолы 14 күндік үй карантинін бұзғаны Ashyq қосымшасы арқылы анықталған тұрғындарға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынған (шамамен 87 мың теңге - ескерт.). Оның ішінде екі тұрғын екі рет қайталап ереже бұзған.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет басшысының орынбасары тізімге негізінен студенттер, білім беру, медицина, банк секторы, өнеркәсіптік кәсіпорындар, сауда және кеңсе қызметкерлері кіргенін айтты.

Реклама
Реклама

Олар көбінесе мейрамхана, кафе, фитнес-орталығы, базар, әуежай, университет, сауда нысанына кіруге тырысқан.

"Тек Жасыл базардың өзінде шілдеден бастап "қызыл" статусы бар, яғни ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсткен 31 тұрғын анықталған", - деді Байғабылов.

Тұрғындар көбінесе Бостандық және Медеу аудандарында ереже бұзғаны тіркелді.

Айта кетейік, өткен аптада 59 "қызыл" статусы бар ережебұзушы анықталған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная