Алматыда қызылша өршіді: бір мектептің оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Freepik

Алматыдағы мектептердің бірінің бастауыш сынып оқушылары қызылшаның өршуіне байланысты бір айға жуық қашықтан оқиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы мектептердің бірінің бастауыш сынып оқушылары қызылшаның өршуіне байланысты бір айға жуық қашықтан оқиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы білім басқармасы мәліметінше, №172 мектепте бастауыш сынып оқушылары арасында қызылша анықталған. 20 қыркүйекте мектепте Алматы қаласы Медеу ауданының санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының мамандары комиссия өткізді. Мектеп әкімшілігіне қызылшаға қарсы вакцина алмаған бастауыш сынып оқушыларын 16 қазанға дейін (инкубациялық кезең) қашықтан оқыту режиміне көшіру ұсынылды.

"№172 мектеп директоры ұсыныстарды ескеріп, инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау үшін инкубациялық кезең аяқталғанға дейін барлық бастауыш сынып оқушысын (1-4) онлайн оқытуға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Мұғалімдер мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Балалар онлайн оу үшін қажет компьютерлік техникамен және интернет-ресурстармен қамтамасыз етілген", - делінген басқарма хабарламасында.

Реклама
Реклама

Әкімдік өкілдері қаланың басқа мектептерінде жағдай тұрақты және эпидемиологтардың бақылауында екенін мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама