ПОДЕЛИТЬСЯ
16 ақпан 2021 | 11:59
Алматыда "L-Капитал" компаниясының негізін қалаушы ұсталды
Алматы полицейлері "L-Капитал" компаниясының негізін қалаушыны ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы полицейлері "L-Капитал" компаниясының негізін қалаушыны ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласының ПД Тергеу басқармасының мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1962 жылы туған азаматша ұсталды. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Аталған компания салымшыларының ұжымдық мәлімдемелеріне сәйкес, ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігі (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын бұрын хабарлаған едік. Ведомствоаралық жедел тергеу тобы құрылды. Компания кеңселерінде санкцияланған тінтулер жүргізілді. Толықтық, объективтілік және жан-жақтылық принциптерін қатаң сақтай отырып жүргізілген тергеу әрекеттерінің кешені барысында мән-жайлар анықталып, процессуалдық шешім қабылданады", - деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Абдрахманов.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша 50 адам жәбірленуші ретінде танылған.
Еске салайық, қазақстандықтар алданып қалған консалтинг компаниясының үстінен жаппай шағымданған болатын. Көбі акция сатып алу үшін пәтерлері мен автомобильдерін сатқан. Компания бағалы қағаз жыл сайын 30 пайыз пайда әкеледі деп уәде берген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также