06 қаңтар 2022 01:20

Алматыда лаңкестер әуежай мен 5 ұшақты басып алды - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Алматыда лаңкестік топ әуежай мен бес ұшақты басып алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Алматыда лаңкестік топ әуежай мен бес ұшақты басып алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Хабар 24" арнасының эфирінде көрсетілген Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Алматыдағы инфрақұрылым нысандарына қатысты жағдайды мәлімдеді.

"Лаңкестер алдымен ірі нысандарды басып алады. Атап айтқанда, Алматыда әуежай, 5 ұшақ, оның ішінде шетелдік ұшақтарды басып алды. Алматыға шабуыл жасалып, бүлінді. Алматы тұрғындары азап шегіп отыр, олар лаңкестердің, бандиттердің құрбаны болды, сондықтан біздің міндетіміз, соның ішінде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің міндеті - мемлекетті сыртқы қатерден қорғау үшін барлық шараны, ықтимал іс-қимылдарды қабылдау", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл - халықаралық лаңкестік топтар.

"Олар шетелде күрделі дайындықтан өткен және олардың Қазақстанға шабуылын басқыншылық әрекет ретінде қарастыруға болады", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети