ПОДЕЛИТЬСЯ
06 сәуір 2022 | 09:18
Алматыда лаңкестікке қарсы жаттығулар басталды
Алматыда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық терроризммен күрес жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық терроризммен күрес жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.
Штабтың мәліметінше, 6 сәуір күні таңғы сағат 6:00-де Түрксіб ауданында жоспарлы жаттығулар басталды. Тәртіп сақшылары Спасская көшесінің бойында орналасқан №67 үйде жаттығу жасап, шеберліктерін шыңдап жатыр. Лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар сағат 12:00-ге дейін өтеді.
"Оқу-жаттығудың мақсаты - адам көп шоғырланған жерлерде лаңкестік қауіп төнген жағдайда өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту. Оқыту тапсырмалары лаңкестіктің жолын кесу тетігін жетілдіруге бағытталған.
Оқу-жаттығуларды өткізу кезеңінде шектеулер қойылатынын хабарлаймыз. Осыған байланысты азаматтарды болып жатқан оқиғаларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және оқу-жаттығуларды өткізуге тартылған мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауға шақырамыз", - деп хабарлады Терроризмге қарсы күрес қауымдастығы.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы тұлғаның заңды талабына бағынбау ӘҚБтК-нің 443-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатыны атап өтілген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также