12 тамыз 2020 | 15:51

Алматыда ластанған көлдің жағасынан қырылған балық табылды

Видеодан кадр

Алматылықтар Түрксіб ауданы Пархач көлінің ластануына шағымданды. Қала тұрғыны жағалауда жатқан қоқыстарды, сондай-ақ қырылып қалған балықтарды видеоға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматылықтар Түрксіб ауданы Пархач көлінің ластануына шағымданды. Қала тұрғыны жағалауда жатқан қоқыстарды, сондай-ақ қырылып қалған балықтарды видеоға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Кадр сыртында ер адам Рысқұлов даңғылы және Волочаевск көшесінің қиылысында тұрғанын айтады.

Реклама
Реклама

"Артыңыздан қандай қоқыс тастап кеткеніңізге қараңыз, тіпті балық қарғып шығыпты. Жинап кетуге болатын еді ғой. Бұрын бұл жерде балық жақсы жүзетін. Енді не болып жатқанына қараңыздар", - дейді ер адам.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Так и живем ?‍♂️ мы Люди сами виноваты ?‍♂️

Публикация от @kris_p_almaty +21 | ???? (@kris.p.online) 11 Авг 2020 в 9:04 PDT

Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімдігіндегілер ластануға қатысты пікір білдірді. Олар көл 2017 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Ақ Отау груп" ЖШС "Қазақ өндірістік-бейімдеу станциясы" РМКК-ға берілгенін атап өтті.

"Теңгерімде ұстаушы мекеменің мәліметіне сәйкес, көлді абаттандыру жоспарланған. Аудан әкімі аппаратының тарапынан теңгерімде ұстайтын мекеме территорияны дұрыс сақтамағаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапқа тартылды", - деді аудандық әкімдіктегілер.

Порталдың редакциясы Экология министрлігі мен АШМ-ге пікір алу үшін хат жолдады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная