04 қаңтар 2019 | 09:49

Алматыда липосакциядан кейін қайтыс болған әйелдің оқиғасы: Хирург жазадан құтылды

© КТК

Алматыда липосакциядан кейін қайтыс болған әйелге ота жасаған пластикалық хирург Дмитрий Писаревке қатысты сот отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда липосакциядан кейін қайтыс болған әйелге ота жасаған пластикалық хирург Дмитрий Писаревке қатысты сот отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, хирург 33 жастағы Дана Агамурадованың өліміне айыпты деп танылды. Бірақ істің ескіру мерзіміне байланысты ер адам жауапкершілікке тартылмайтын болды. Қайтыс болған әйелдің әпкесі хирургтен өтемақы ретінде 50 миллион теңге беруін талап еткен, алайда сот үш миллион теңге өтеуді міндеттеді.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Писаревтің дәрігерлік қызметтен шеттетілетіні айтылады.

"2018 жылдың 12 желтоқсанынан бастап Писарев пластикалық хирург ретінде дәрігерлік қызметпен айналыса алмайды, оның маман ретіндегі сертификатының мерзімі аяқталды. Екі күн ішінде сот органдарына Писаревтің дәрігерлікпен айналысуына тыйым салуы үшін жаңа өтініш түсіреміз. Ол жұмыс істеген клиникаға хат жолдаймыз", -деді Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова.

Еске салайық, бұл оқиға 2016 жылдың қаңтарында болған. Қайтыс болған әйел 33 жаста еді. Оқиғаның 29 қаңтарда "Ольги Рубас эстетика орталығында" болғаны анықталды. Дәрігерлер Украинаның 33 жастағы тұрғыны Дана Агамырадоваға денесінің белгілі бір бөлігінен май алып тастаау үшін липосакция жасаған. Ол достарының кеңесімен БАӘ-ден Қазақстанға арнайы ұшып келген. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная