Алматыда люктер жол бетімен бірдей болып тегістеледі

Алматыда люктер жол бетімен бірдей болып тегістеледі © kolesa.kz

Алматыда люктер жол бетімен бірдей болып тегістеледі, - деп хабарлайды "Колеса" сайты. Жөндеу жұмыстары 20 маусымда басталды.

Алматы қалалық автомобиль жолдары басқармасындағылардың айтуынша, инженерлік желілер және жаңбыр торлары жоба белгісіне дейін, яғни жол бетімен бірдей етіп тегіс жатқызылады, ал жөндеу жұмыстары бір айдан кейін аяқталады - 20 шілде.

Еске салайық, 17 маусымда толассыз жауған жаңбыр Алматыда қозғалысты тоқтатып тастаған болатын. Су ағызу кәрізі мен тоннельдердегі сусорғыштар судың ағынын тежей алмады. Ал люктер жол бетінен көтеріліп кеткен еді.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама