23 тамыз 2024 | 09:17

“Алматыда маньяк пайда болды“: полиция қауесетке пікір білдірді

Фото:depositphotos.com

Алматы тұрғындары әлеуметтік желіде Жұлдыз-1 шағынауданында маньяк пайда болғаны, ол балалардың ізіне түсіп, тіпті баласын ұрлау үшін әйелді ұрып-соққаны туралы ақпаратты қызу талқылап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы тұрғындары әлеуметтік желіде Жұлдыз-1 шағынауданында маньяк пайда болғаны, ол балалардың ізіне түсіп, тіпті баласын ұрлау үшін әйелді ұрып-соққаны туралы ақпаратты қызу талқылап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жергілікті чатта тараған аудиожазбада "маньяктың" толық қара түсті киінгені айтылады.

"Жақында "май өндірушінің" маңында төтенше жағдай болды, өкінішке қарай, маньяк қашып кетті. Ол әйелді сақамен ұрып, төрт жасар баланы ұстамақ болды. Ер адамдар баланы құтқарғанымен, оны ұстай алмады. Артынан қуғанымен, ол жасырынып үлгерді. Әйелмен не болғанын білмеймін, ол тірі, бірақ беті жыртылған. Менің бұл ақпаратты қайдан білетінім қызық болса, менің жақын танысым "май өндірушіде" жұмыс істейді, әйелді осы "май өндірушінің" жүргізушілері құтқарған. Егер олар әйелді құтқармағанда, онымен не боларын білмеймін. Сондықтан ата-аналар балаларыңызды қорғаңыздар. Маньяктар қазір ашық әрекет ете бастады. Олар қазір баланы ұрламайды, баласымен жүрген жалғызбасты анаға шабуыл жасап, баласын тартып алады. Олар тіпті өлтіріп кетуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Тағы бір аудиожазбада басқа әйел оқиғаның егжей-тегжейін түсіндіреді.

"Әйел күйеуін күтіп алуға шыққан. Ол әйелді Жұлдыздан "май өндірушіге" дейін аңдып барған. Айналада ешкім жоғын тексеріп, шабуыл жасап, баланы ұрлап кетуге тырысқан. Яғни, оған керегі бала болды, оған әйел де, ақша да керек емес. Полицейлер келіп, бұл біздің ауданда біршама уақыттан бері іздестіріліп жүрген маньяк болуы мүмкін екенін айтты", - дейді аудиожазбадағы белгісіз әйел.

Кезекті аудиожазбада үшінші әйел қара киімді белгісіз адамның оның қызын қуғаны туралы айтады.

"Менің қызым самокат айдап жүргенде қара киімді адам оны ұстауға тырысып, артынан қуған. Өзім де таңғалдым. Танысым ауданда маньяк пайда болғанын айтты. Балалардың ізіне түскен деді", - дейді ол.

Алматы полиция департаментінде қорқынышты ақпараттық бюллетень туралы түсініктеме берілді.

"Тұрмыстық жанжал аясында әйелге дене жарақатын салу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіні ұстау шаралары қабылданып жатыр. Істің объективті мән-жайлары белгіленеді.

Сонымен қатар, балалардың "ізіне түскен" маньяк туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Алматы қаласының полициясы жалған мәліметтерді таратпауды және жалған деректердің таралуына ықпал етпеуді талап етеді. Бұл әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - деп хабарлады полиция.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная