Алматыда "Медеуге" қосымша автобус бағыты іске қосылады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматыда "Медеуге" дейін қосымша автобус бағыты іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық мобильділік басқармасына сілтеме жасап.

Алматыда "Медеуге" дейін қосымша автобус бағыты іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық мобильділік басқармасына сілтеме жасап.

№ 9 жаңа автобус экспресс маршрутын 6 қарашада іске қосу жоспарланып отыр. Ол демалыс және мереке күндері жұмыс істейді. Автобустар Б.Шолақ атындағы спорт сарайынан "Алатау" қонақ үйі" аялдамасы арқылы "Мұзтау шағынауданы" биік таудағы "Медеу" мұзайдынына дейін қатынайды.

Автобустар таңғы 9.00-ден кешкі 19.00-ге дейін жұмыс істейді. Жол жүру құны 200 теңге болады.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, "Медеу" мұзайдынының 50-маусымының ашылуы 5 қарашада өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная