20 қазан 2022 11:47

Алматыда мектеп автобустары қашаннан бастап жүре бастайтыны айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Алматыда мектеп автобустары жүре бастайтын күн белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда мектеп автобустары жүре бастайтын күн белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімі Ерболат Досаевпен кездесуде Бостандық ауданының тұрғындары Алматыда мектеп автобустары қашан іске қосылатынын сұрады. Бұған жауап ретінде әкім нақты күнді атады.

"Мәслихаттың соңғы отырысында бұл мәселеге қатысты шығындарды бюджетке енгіздік. Жалпы, екі миллиард теңге бөлдік. Биыл мектептерге арнайы 100 автобус сатып аламыз. 1 қаңтардан бастап автобустарды шығарамыз. Қала бойынша 29 мектепті таңдадық. Бостандық ауданының әкімі ұсынған тізімге сәйкес, Әл-Фараби даңғылынан жоғары мектептерде автобустар таңертең жүреді", - деді Досаев.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram