Алматыда мектептен оқушылар шұғыл эвакуацияланды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Алматыда мектептен оқушылар шұғыл эвакуацияланды

Алматы орталығындағы мектептен оқушылар шұғыл эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы орталығындағы мектептен оқушылар шұғыл эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бүгін түскі сағат 12:00 шамасында жедел басқару орталығына білім ордасына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен.

Жарнама
Жарнама

"Қаланың жедел және төтенше жағдайлар қызметтері алғашқы ден қою шаралары аясында білім мекемесінде тексеру жүргізді. Оқушылар мен ұстаздар эвакуацияланды", - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, мектеп ғимаратын тексеру кезінде жарылыс құрылғылары табылмаған. Білім мекемесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

"Қазір полиция мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар таратқан адамды анықтап жатыр. Ол қылмыстық жауапқа тартылады",- делінген жазбада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама