29 қаңтар 2024 | 09:52

Алматыда мемлекет қажеттілігіне қанша жер телімі сатып алынды?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматы әкімдігі 2023 жылы қанша жер телімі мемлекет қажеттілігі үшін алынғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімдігі 2023 жылы қанша жер телімі мемлекет қажеттілігі үшін алынғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдік мәліметінше, қоғамдық маңызы бар жобаларды жүзеге асыру үшін Алматының жер қатынастары басқармасы былтыр 222 жер телімін сатып алған.

"Мәселен, Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы жолайырық; Бостандық ауданында жайлы мектеп салу Әуезов ауданы Қуаныш шағын ауданындағы №18 емхана; Абай-Тұрғыт Өзал даңғылын абаттандыру және көгалдандыру; Бостандық ауданындағы "Молодежный" саябағын салу; Алатау ауданы Мұхитдинов көшесіндегі балабақша; Түрксіб ауданы Әлмерек шағын ауданындағы отбасылық-дәрігерлік амбулатория, балабақша және т.б. жобалар бойынша сатып алу аяқталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

2023 жылы қалада жер комиссиясының 4 отырысы өткізіліп, 2818 өтініш қаралған. Алматы әкімдігінің 1478 жеке тұлғаға және 2448 заңды тұлғаға қатысты 516 оң қаулысы қабылданған. Қазіргі кезде Алматы жер көлемі 68,3 мың гектар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная