Алматыда мереке күндері автобустар мен метро қалай жүреді?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Алматы қалалық мобильділік басқармасы қоғамдық көліктердің мереке күндеріндегі жұмыс кестесін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық мобильділік басқармасы қоғамдық көліктердің мереке күндеріндегі жұмыс кестесін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басқарма мәліметінше: 1 қаңтар - жолаушыларды тасымалдауға жылжымалы құрамның 50 пайызы шығады.

2–4 қаңтар - қоғамдық көлік демалыс күнінің кестесі бойынша жұмыс істейді.

"№12 маршрут (Алматы-2 теміржол вокзалы – "Медеу" мұз айдыны) 1-4 қаңтар аралығында демалыс күнінің кестесіне сәйкес, жолаушыларға 20 қоғамдық көлік қызмет көрсетеді. №3 түнгі маршрут өзгермейді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Метро - демалыс күнінің кестесі бойынша 06:20-дан 00:00-ге дейін жұмыс істейді, қозғалыс аралығы 12–15 минут.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама