17 ақпан 2020 | 17:46

Алматыда митингілер туралы жаңа заң талқыланды

Алматыда "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" жаңа заңы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" жаңа заңы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қоғамдық кеңес пен азаматтық белсенділер Қазақстанда бейбіт митингілер туралы жаңа заң жайында өз пікірін ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевқа айтты. Көптеген сұрақ пикеттер мен митингілерді өткізуге рұқсат беру мерзімі 15 күн болуына байланысты болды. 

Реклама
Реклама

"Егер адамдар митинг туралы хабарлама жіберсе және 15 күн мерзім ішінде теріс жауап алмаса, олар автомат түрде шыға алады деген сөз. Ескерту сипаты рұқсат алудың қажеті жоқ дегенді білдіреді. Бүгін біз бұл мерзім тым үлкен екенін талқыладық, қазір құқық қорғаушылар, сарапшылар айтқан ұсыныстарды талдап, қорытынды жасаймыз, түзетулер енгіземіз", - деді Дәурен Абаев.

Құқық қорғаушы Евгений Жовтис БҰҰ-ның халықаралық стандарттары мен құжаттарын ұстануды ұсынды, тіпті жобаны шетелдік сарапшылармен талқылау үшін ағылшын тіліне аударды. Министрлікке бейбіт митингілер туралы заң жобасын халықаралық сараптамаға жіберуді ұсынды. Оны белсенді Альнур Ильяшев қолдады.

Ал Қоғамдық кеңестің мүшесі Сергей Пономарев журналистерге қойылатын кейбір талаптар артық екенін айтты.

"Бесінші тармақ жүрегіме оқтай қадалды. ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік органдардың талаптарына сәйкес бейбіт жиналыстардық суреттері мен видеосын ұсыну. Менің 30 жылдық тәжірибем бар, бұл менің жұмысым, маған прокурор келеді "Маған беріңіз" дейді. Жарайды, егер олар екі-үш күннен соң қайтып беретін болса, бірақ екі-үш күннен кейін бұл жаңалық ешкімге қажет емес. Бұл қажетсіз тармақ. Сондай-ақ журналистер үшін тыйым салынатын сегіз пункт бар. Өзімен бірге суық, атыс қаруын және өзге де қаруды ұстауға тыйым салынады. Бірақ біз аккредитациядан өттік, біз ол жерге куәлік пен төс белгісімен келдік, бірақ біз қарақшы емеспіз ғой", - деді Сергей Пономарев.

Дәурен Абаев бұл сынның барлығы қабылданғанын айтып жауап берді. Оның айтуынша, журналистердің материалдары тек қылмыстық жағдайда ғана қажет болуы мүмкін екенін, сондай-ақ, журналистің сыны ескеріліп осы пункт өзгеретінін айтты. Сонымен қатар, ол қай жерлерде митинг өткізуге рұқсат берілетінін айтты. Оның айтуынша, көлік тасымалы мүмкіндігі болу үшін және басқа да азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі үшін мемлекет "шеткі аймақта емес" принципін ұстанатынын жеткізді.

"Мұндай қарама-қайшылықтар барына қуанамын, бұдан көп болатын шығар деп ойладым, сіздердің айтқан сындарыңызды ескеріп, халықаралық құқық тәжірибесін енгіземіз. Біз осы заң жобасын елдің барлық өңірінде талқылайтын боламыз (...)", - деді Абаев. 

Талқылау шарасы бір жарым сағатқа созылды. Жаңа заң қабылданғанша қолданыстағы митинг туралы заңға мораторий енгізу туралы ұсыныстары да айтылды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная