ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қазан 2021 | 16:41
Алматыда Момышұлы бейнеленген мурал төңірегінде дау шықты
Алматыда Бауыржан Момышұлы бейнеленген мурал төңірегінде дау шықты. Суретшілер Батыр Сәдуақасов пен Ғалымжан Балсарының айтуынша, олар эскиз авторы, бірақ оны қолдануға ешкім рұқсат сұрамаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда Бауыржан Момышұлы бейнеленген мурал төңірегінде дау шықты. Суретшілер Батыр Сәдуақасов пен Ғалымжан Балсарының айтуынша, олар эскиз авторы, бірақ оны қолдануға ешкім рұқсат сұрамаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда Момышұлы және Рысқұлов көшелері қиылысында екі үйдің қасбетінде Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлы бейнеленген жаңа мурал пайда болды. Жас суретшілер Батыр Сәдуақасов пен Ғалымжан Балсары эскиз авторы екенін мәлімдеді, алайда аудан әкімдігі муралды салар кезде оларға ескертпеген.
"Экскиз биыл қыркүйекте салынды. Мадина муралдың салынуын әкімдік қолдайтынын, эскиз жасау керек екенін айтты. Бастапқыда тақырып Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Бауыржан Момышұлының бейнесі болды, бірақ кейінірек Момышұлының портреті дайындалды. Нәтижесінде мурал ғимарат қасбетінде пайда болды, бірақ эскиз үшін ақы төленбеді және оны салу барысына қатыспадық", - деді Батыр Сәдуақасов.
Суретшілер Момышұлының суретін мұқият іріктеп, концепцияны әзірлеген.
"Бұл бейне ұлы қазақ жауынгерінің бейнесін жеткізе отырып, кез келген жерде жақсы көрінеді", - делінген эскиз түсіндірмесінде.
Суретшінің айтуынша, олар муралдың екі эскизін жасаған, біреуі 400 мың теңге, ал екіншісі 250 мың теңгеге бағаланған. Батыр бұл нақты сома емес екенін айтты, өйткені оларға жұмыс тобына тапсырыс беріледі деп уәде берген. Жалпы екі муралдың құнын суретшілер 4,5 миллион теңгеге бағалады. Алайда мурал туралы ешкім хабарламаған.
Батыр Сәдуақасов Алатау ауданы әкімдігінің өкілі байланысқа шығып, даулы мәселені шешу үшін мердігерлермен кездесуге келуді ұсынған.
Алатау ауданы әкімдігінің абаттандыру бөлімінің басшысы Еділжан Нарматов Момышұлы бейнеленген мурал тұрғындардың ұсынысы бойынша 2020 жылға арналған "Қатысу бюджеті" жобасы аясында құрылғанын айтты.
"Қатысу бюджеті" бойынша бізде дайын нобай болған жоқ және рәсім аясында тендер жарияладық. Мердігер - "Қазақстан электро" компаниясы анықталды. Олардан үш нұсқа сұрадық, нәтижесінде осы нұсқа таңдалды", - деді Еділжан Нарматов.
Әкімдік өкілінің айтуынша, жобаның құны "Қатысу бюджеті" бойынша шамамен 7,3 миллион теңгеге бағаланған. Қазір әкімдікте мердігермен, өтінім авторларымен және суретшілермен кездесу өткізу жоспарланған. Осы келіссөздер барысында әкімдік мурал бойынша шешім қабылдайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также