Алматыда Момышұлы көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Фото:depositphotos.com

Алматы Спорт басқармасы 18 мамырда Алматыда қайырымдылық жарысы өтетінін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы Спорт басқармасы 18 мамырда Алматыда қайырымдылық жарысы өтетінін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс-шараның өткізілуіне байланысты 18 мамырда сағат 07:00-ден 12:00-ге дейін жарыс өткізілетін ауданда көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылатын болады.

"Бауыржан Момышұлы көшесінің (оңтүстік бағытта) Мөңке көшесінен (Бигвилль Arena City ТК) Almaty Arena-ға дейінгі учаскеде бір автобус жолағы және жеңіл автомобильдерге арналған бір жолақ жабылады. Осы бағыттағы қалған жолақ штаттық режимде жұмыс істейді.

Сондай-ақ, Almaty Arena аумағындағы айналма көше толығымен жабылады. Бұл учаскеде 5 және 10 шақырым қашықтықта қауіпсіз жүгіру маршруты ұйымдастырылады (маршрут картасын қараңыз)", - делінген хбарламада.

Реклама
Реклама

Қашықтықтағы қауіпсіздікті жол полициясының қызметкерлері мен еріктілер қамтамасыз етеді.

"Тұрғындар мен автокөлік иелерінен уақыт шектеулерін ескере отырып, маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама