19 наурыз 2021 13:41

Алматыда мопед мінген курьер балаарбаны қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

Видео кадры

Алматыда мопед мінген курьер балаарбаны қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда мопед мінген курьер балаарбаны қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желіде бүгін, 19 наурызда тарады. Видеода мопед мінген курьер балаарбаны қағып кеткені көрсетілген. 

Ескерту! Жүйкесі нашар адамдарға көруге болмайды!

Реклама
Реклама

"Курьер сағатына 60-80 шақырым жылдамдықпен келе жатты. Бағдаршам қызыл жанғанда өтіп, эвакуаторға соғылып, балаарбаны қағып кетті. Видео кадрында баланың анасы оны алып, оқиға орнынан кетіп қалған. Оның жағдайы әзірге белгісіз", - делінген видео сипатында. 

Алматы қаласы Полиция департаментінің өкілдері оқиғаның мән-жайын айтты. 2021 жылдың 16 наурызында сағат 13.20-да мопед жүргізушісі ішінде үш айлық бала жатқан балаарбаға соғылған. Мопед жүргізушісі Төле би көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Брусиловский көшесінде соқтығысқан. 

"Салдарынан бала зардап шеккен. Ол балалар ауруханасына жеткізілді. Мопед жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Бүгінде оны іздеумен іздестіру бөлімінің қызметкері айналысып жатыр. Жол-көлік оқиғасы Алмалы аудандық полиция басқармасында тергеліп жатыр", - деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram