28 қазан 2021 | 10:31

Алматыда Мұқағали Мақатаев бейнеленген мурал пайда болды

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматыда қазақтың белгілі ақыны Мұқағали Мақатаевтың құрметіне арналған мурал пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда қазақтың белгілі ақыны Мұқағали Мақатаевтың құрметіне арналған мурал пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Муралдың ашылуы ақынның 90 жылдығы мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған. Арт-жоба Мақатаев пен Шәріпов көшелерінің қиылысында орналасқан тұрғын үйдің қасбетіне салынған. Жоба авторлары - Нұрболат Аманқұл мен Абай Сұлтан.

Реклама
Реклама

Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, суретті салуға шамамен 5 күн, ал қабырғаны дайындауға бір апта уақыт кеткен. Бұл ретте суретшілер 50 литр бояу мен 100 аэрозоль құтысын жұмсаған. Қабырғаның көлемі шамамен 190 шаршы метр.

Муралдың ашылуына ақынның ұлы мен келіні Жұлдыз Мақатаев пен Бақыткүл Айдарова, "Қазақфильм" киностудиясының вице-президенті Айдархан Әділбаев, сондай-ақ 21 қазанда жарыққа шыққан "Мұқағали" фильмінің түсіру тобы қатысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная