ПОДЕЛИТЬСЯ
14 маусым 2024 | 16:38
Алматыда мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы анықталды
Алматыда мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.
Мұнай өнімдері нарығы субъектілерін әкімшілендіру барысында заңды тұлғалардың бірі тауарлардың шығу тегін көрсетпей электрон шот-фактура жазып бере отырып, ЖЖМ өткізуді (алушыларға тиеп-жөнелту) жүзеге асырғаны анықталды.
"Салық төлеушінің қызметін талдау, 2023 жылғы сәуірден қарашаға дейін аталған заңды тұлға жалпы сомасы 943 918 677 теңгеге 3 526 тонна көлемінде мұнай өнімдерін өткізген. Дәлірек айтсақ, бензин - 46 тонна, дизель отыны - 1 948 тонна, пеш отыны - 758 тонна, авиациялық отын - 774 тонна", - деді департаменттегілер.
Аталған дерек бойынша материалдар қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін анықтау үшін Алматы Экономикалық тергеу департаментіне жолданған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также