Алматыда наркологиялық диспансердің маңында тұрған бірнеше жедел жәрдем көлігі видеоға түсірілді

Алматыда Мақатаев көшесінде орналасқан наркологиялық диспансердің маңында тұрғын бірнеше жедел жәрдем көлігі видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда Мақатаев көшесінде орналасқан наркологиялық диспансердің маңында тұрғын бірнеше жедел жәрдем көлігі видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео мен фотолар Желіде тарап жатыр. Ролик авторларының бірі видеоның бүгін наркологиялық диспансердің маңында түсірілгенін айтады.

Расында да видеодан ондаған жедел жәрдем көлігі тұрғанын көруге болады.

Реклама
Реклама

"Мақатаев - Куратов көшесі. Бірнеше жедел жәрдем көлігі. Адам көп. Кептеліс, көше толған көлік", - дейді видео авторы.

Әзірше көліктердің тұрып қалу себебі белгісіз. Tengrinews.kz тілшісі Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сауалхат жолдады, бірақ әзірше жауап келмеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама