ПОДЕЛИТЬСЯ
24 ақпан 2022 | 09:23
Алматыда науқас дәрігердің күртешесі мен аяқкиімін ұрлап кеткен
Алматы ауруханаларының бірінде науқас дәрігердің күртешесі мен аяқкиімін ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы ауруханаларының бірінде науқас дәрігердің күртешесі мен аяқкиімін ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Медициналық көмек алған 30 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылғаннан кейінгі күні рұқсатсыз, өз еркімен ауруханадан кетуге шешім қабылдаған.
"Жылы киімі мен аяқкиім болмағандықтан, ол қызметкерлер бөлмесіне кіріп, өзінің өлшеміне келетін аяқкиім мен қалтасында ақшасы бар күртешені киіп кеткен. Белгілі болғандай, бұл хирург-дәрігердің заттары екен. Бейнебақылау камераларының, сондай-ақ арнайы базаның көмегімен күдіктінің саусақ іздерін бақылау арқылы оның кім екені анықталды. Күдікті ұсталды", - дейді Медеу аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы.
Ұрланған заттар иесіне қайтарылды. Күдікті күртешенің қалтасындағы ақшаны жұмсап үлгерген. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы "Бөтеннің мүлкін ұрлау" бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также