14 наурыз 2020 | 13:17

Алматыда Наурыз мейрамы қарсаңында теракт дайындалған - ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда жоспарланған террорлық әрекеттің алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда жоспарланған террорлық әрекеттің алдын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2020 жылғы 13 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Алматы қаласында "ДАИШ" (Қазақстанда тыйым салынған) халықаралық террористік ұйымы идеологиясын ұстанушыны ұстап, сот санкциясымен қамауға алды.

Реклама
Реклама

"Тұтқындалған адам Наурыз мейрамын мерекелеу кезеңінде халық көп шоғырланған орындарда теракт дайындады деп күдікке ілінді. Тергеу іс-қимылдары барысында одан екі жауынгерлік граната алынды", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Көрсетілген адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 255 (Терроризм актісі) және 258 (Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік) баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная