НАУРЫЗДЫ ТОЙЛАУ. 19 НАУРЫЗ

Алматыда Наурыз мейрамы кезінде бірнеше көше жабылады

Фото: Алматы әкімдігі Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда Наурыз мерекесіне байланысты көшелер уақытша жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Алматыда Наурыз мерекесіне байланысты көшелер уақытша жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Алматыда Наурыз мейрамын атап өтуге дайындық және мерекелік іс-шараларды өткізу аясында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

"19-23 наурыз аралығында Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі бөлігі жабылады", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты, көрсетілген кезеңде 10 қоғамдық көлік бағытының қозғалыс сызбасына өзгеріс енгізіледі.

Бұл №16, 37, 48, 126, 201, 205, 206, 209, 210 және 224 бағыттары. Астана алаңын шығыс бағытында Қабанбай батыр көшесі арқылы, батыс бағытта Бөгенбай батыр көшесі арқылы айналып өтуге болады. Ал №16 және 126 бағыттар бұл аумақты Гоголь көшесі арқылы айналып өтеді.

"Сонымен қатар, 22 наурызда сағат 06:00-ден 11:30-ға дейін Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейінгі Абай даңғылы уақытша жабылады.

Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлап, балама жолдарды таңдап алуларыңызды сұраймыз".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная