Алматыда наурыздан бастап кезекші ХҚКО-лар мекенжайы өзгереді

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

1 наурыздан бастап Алматыда үш кезекші ХҚКО, сондай-ақ екі кезекші арнаулы ХҚКО жұмысын бастайды. Өзгерістер екі ХҚКО-ның мекенжайына және арнаулы ХҚКО-лардың жұмыс кестесіне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Наурыздан бастап мына мекенжайларда кезекші ХҚКО-лар ашық болады:

  • Алатау ауданы – Нұркент шағынауданы, 5/17;
  • Алмалы ауданы – Бөгенбай батыр көшесі, 221;
  • Бостандық ауданы – Алмагүл шағынауданы, Ходжанов көшесі, 9а.
Реклама
Реклама

Жұмыс уақыты:

  • Аптаның жұмыс күндері – сағат 9:00-20:00;
  • Сенбі күні – сағат 9:00-13:00-ге дейін.

Саялы және Кемел шағынаудандарында орналасқан арнайы ХҚКО азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін қабылдайды, алайда өтініштерді тек 18:00-ге дейін беруге болады, ал дайын құжаттарды 20:00-ге дейін алуға болады. Сенбіде өтініштерді қабылдау уақыты 12:00-ге дейін шектеледі, ал құжаттарды беру 13:00-ге дейін жалғасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама