Алматыда "Назар аударыңыздар!" деген дабыл қағылады

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Бүгін, 25 ақпанда Алматыда ТЖД өкілдері сағат 12.55-те қала бойынша ескерту жүйесінің техникалық дайындығын тексереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін, 25 ақпанда Алматыда ТЖД өкілдері сағат 12.55-те қала бойынша ескерту жүйесінің техникалық дайындығын тексереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тексеру кезінде "Назар аударыңыздар!" деген бірыңғай ескерту дабылы электр дыбысы арқылы қосылып, телеарна мен радиоларға автомат түрде хабар келеді.

Осыған байланысты департамент өкілдері Алматы тұрғындары мен қонақтарын алаңдамауға шақырды.

Реклама
Реклама

Дабыл қосылған кезде үйде болсаңыз:

  • радио және теледидарды қосыңыз;
  • шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
  • берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Дабыл қосылған кезде көшеде болсаңыз:

  • көшедегі дабыл дыбысы мен жылжымалы құралдар арқылы берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
  • хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама