Алматыда нөсер жауады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ©Tengrinews.kz/Болат Айтмолда

Алматының коммуналдық қызметі нөсер жаңбырға байланысты күшейтілген жұмыс режиміне көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының коммуналдық қызметі нөсер жаңбырға байланысты күшейтілген жұмыс режиміне көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, Алматыда 20 маусым сағат 15:00-ден бастап 21 маусым сағат 02:00-ге дейін жаңбыр жауады, кей жерлерде 20 мм-ге дейін қатты жауын-шашын жауып, найзағай ойнап, бұршақ та жаууы мүмкін. Метеорологтар бірнеше сағат ішінде маусымдағы норманың үштен бірі жаууы мүмкін екенін болжап отыр. Күндіз ауа температурасы +28…+30 °С болады.
21 маусымға қараған түні өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз жауын-шашын жаумайды. Ауа температурасы түнде +17…+19 °С, күндіз +31…+33 °С болады.

22 маусымда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Түнде ауа температурасы +20…+22 °С, күндіз +28…+30 °С болады.

Реклама
Реклама

"Су басу қаупінің алдын алу мақсатында 52 мобильді жедел бригада кезекшілікке қойылды. Олар мотопомпа және құрал-жабдықпен жабдықталған. Күндіз 426 арнайы техника, 26 мотопомпа және 895 жұмысшы жұмылдырылды", - деп жазылған хабарламада.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан:

Ауа райының қолайсыздығына байланысты тауға бармау.
Ағаштар құлап, электр желілері үзілуі мүмкін екеніне байланысты көлікті жол жиегіне қоймау сұралды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама