25 қыркүйек 2024 | 14:24

Алматыда оқу орны студенттің қазасы туралы хабарлады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Алматыда студент қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда студент қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Almaty Management University баспасөз қызметі студенттің қаза тапқаны туралы ақпаратты растады. Трагедияның себептері мен мән-жайын құқық қорғау органдары анықтайды.

"Университет оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін құқық қорғау органдарына толық жәрдем көрсетеді. Almaty Management University әкімшілігі марқұмның туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады және оның отбасына қажетті қолдау көрсетеді", - деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Университет қайғырып отырған отбасының сезіміне құрмет көрсетуді және расталмаған ақпаратты таратпауды сұрады.

Алматы полициясы бұл ақпаратты растады.

"Бұл факт бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Себеп пен мән-жайлар белгіленеді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram