03 қазан 2018 | 08:56

Алматыда "Оңай" картасы қымбаттап кетті

Камила Долаева Журналист

Қоғамдық көлікте жолақысын төлеуге арналған "Оңай" картасының бағасы 100 теңгеге қымбаттады және қазіргі құны 500 теңге, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қоғамдық көлікте жолақысын төлеуге арналған "Оңай" картасының бағасы 100 теңгеге қымбаттады және қазіргі құны 500 теңге, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Электрондық билет сату операторы "Оңай" картасының бағасы не себепті өскенін түсіндірді.

Реклама
Реклама

"Бұл әлеуметтік мәселе екенін түсіне отырып, барлық тұрғынды қамту үшін картаның бағасын көтермедік. Бірақ оның өзіндік құны 425 теңге, бұл оны жүзеге асыруға кететін қаражаттан көп. Бұрында карта 320 теңге тұрған, оған қоса бір рет тегін жүруге болатын. Енді карта бағасы 420 теңге болады және қосымша бір реттік тегін жүру бар. Негізінде, есептеу нәтижесі бойынша картаның бағасы 505 теңге болуы тиіс. Бірақ 505 теңгеге сатқан ыңғайсыз, сондықтан бағаны ықшамдадық", - деп түсіндірді "Алматы көлік холдингі" ЖШС директоры Садир Хамраев.

"Оңай" картасымен бірге қоғамдық көлікте жолақыны төлеуге болатын NFC салпыншағының да бағасы көтерілді.

"Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін, заттарыңа іліп жүруге ыңғайлы 6 мың дана салпыншақты шығардық. Бұл сондай-ақ карта, бірақ басқа форматта. Оның өзіндік құны қымбат болғандықтан 2000 теңгеге сатамыз, бұрында 1000 теңге тұрған", - дейді Садир Хамраев


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная