Алматыда өртенген әкімдік ғимараты тазартылып жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматыда өртенген әкімдік ғимараты тазартылып жатыр Видео кадры

Бүгін, 13 қаңтарда қалалық әкімдік ғимаратын өрттен кейін тазарту жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдік баспасөз қызметі мәліметінше, шамамен 660 адам жұмылдырылған, жақын арада тазарту жұмыстары аяқталады.

"Қираған жиһаз, техника, қоқыс жиналып, кәдеге жарату үшін полигондарға шығарылады. Тазалау қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ғимаратқа және іргелес аумаққа кіруге тыйым салынғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама